Балаева: Қазақстандықтар еріктілер еліне айналуда
Елімізде 680 еріктілер ұйымы бар.Қазақстанда 680 тиісті ұйымның құрамында 240 мың белсенді ерікті жұмыс істейді. Бұл туралы брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
"Бұл – таңғажайып көрсеткіш. Бұл – Қазақстанның еріктілер еліне айналып келе жатқанын көрсетеді. Ерікті болу қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналып, күнделікті өмірімізге қуаныш пен ынтымақ күшін қосып келеді", – деді министр.
Ол «Еріктілер жылы» деп жарияланған 2020 жылдан бері елімізде жыл сайын 50-ден астам еріктілерге қатысты жоба жүзеге асырылып жатқанын, мұндай бастамаларды дамытуға 240 шағын грант бөлінетінін айтты.
Оқи отырыңыз: "Жақсы көретінімді жеткізіңізші". Интернет бұғатталғанда еріктілер адамдардың хабар алысуына қалай көмектесті?
2023 жылы республикада еріктілер мен ҮЕҰ әлеуетін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуге, қоршаған ортаны қорғауға және отбасылық құндылықтарды қолдауға бағытталған 500-ден астам оқыту іс-шаралары өткізілді.
"Бұл білім беру бастамалары еріктілерге қатысты жобалардың белсенді қатысушыларына айналған 16 мыңнан астам еріктіні шабыттандырды", – деді ол.