Тікелей эфир

Балаева: Қазақстандықтар еріктілер еліне айналуда

Елімізде 680 еріктілер ұйымы бар.

Қазақстанда 680 тиісті ұйымның құрамында 240 мың белсенді ерікті жұмыс істейді. Бұл туралы брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

"Бұл – таңғажайып көрсеткіш. Бұл – Қазақстанның еріктілер еліне айналып келе жатқанын көрсетеді. Ерікті болу қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналып, күнделікті өмірімізге қуаныш пен ынтымақ күшін қосып келеді",  – деді министр.

Ол «Еріктілер жылы» деп жарияланған 2020 жылдан бері елімізде жыл сайын 50-ден астам еріктілерге қатысты жоба жүзеге асырылып жатқанын, мұндай бастамаларды дамытуға 240 шағын грант бөлінетінін айтты.


Оқи отырыңыз: "Жақсы көретінімді жеткізіңізші". Интернет бұғатталғанда еріктілер адамдардың хабар алысуына қалай көмектесті?


2023 жылы республикада еріктілер мен ҮЕҰ әлеуетін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресуге, қоршаған ортаны қорғауға және отбасылық құндылықтарды қолдауға бағытталған 500-ден астам оқыту іс-шаралары өткізілді.

"Бұл білім беру бастамалары еріктілерге қатысты жобалардың белсенді қатысушыларына айналған 16 мыңнан астам еріктіні шабыттандырды", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары