Балаларды қабылдаудан бас тарту туралы шешім Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына енгізілген өзгерістерге негізделген. Бұл өзгерістерге сәйкес, ұжымдық иммунитет деңгейі 90 пайыздан кем болмауы тиіс, яғни, екпе алмағандар саны балабақшадағы балалардың жалпы санының 10 пайызынан аспауы керек.

Құқық қорғаушы Ирина Турова бұл жаңа ереже ата-аналардың еңбек құқығын, сәйкесінше, балалардың құқықтарын бұзатынын атап өтті.

"Денсаулығы жақсы балаларды екпесі жоқ болғандықтан қабылдамауда. Яғни, дені сау балалардың құқықтары шектеліп жатыр, себебі олар мүмкін болатын инфекциямен ауырып, басқаларды жұқтырады деген уәж айтылуда. Менің ойымша, мемлекет екпесі жоқ балаларға да екпе алған балалармен бірдей даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, бұл мәселенің бір шешімі ретінде ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне бұрынғы нормаларды қайтару мақсатында өзгерістер енгізуді көремін. Себебі, біз балалардың құқықтарының дискриминациясы заңсыз екенін айтқан кезде, мысалы, АИТВ жұқтырған балалардың білім беру мекемелеріне қабылдану құқығын бұзбаймыз. Ендеше, неге дені сау балалар қоғамның шеттетілген мүшелері болуы керек", – деді Ирина Турова.


Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға екпе салынады


Педиатр дәрігер Раушан Кәрішалова да бұл тақырыпқа қатысты өз пікірін білдірді: 

"Екпе алмаған балалар балабақшаларға бара алмайды деген заң жоқ. Әзірге мектепке дейінгі мекемелердің басшылары қолдана алатын негіз бар, ол 2024 жылдың 15 маусымында күшіне енген. Менің ойымша, баланың екпе алуы туралы шешімді тек оның отбасы қабылдауға құқылы. Заң тұрғысынан барлық балалар – екпе алғандар да, алмағандар да – конституциялық тең құқықтарға ие. Бұл құқықтарға балабақшаға бару құқығы да кіреді".

Педиатрдың пікірінше, заңдағы өзгерістерде дискриминация жоқ, бұл тек сақтық шарасы:

"Бұл дұрыс шара. Балабақшаларға эпидемия немесе аурудың өршуі қажет емес, тек расталған медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қоспағанда. Мысалы, егер қызылшаға қарсы 70-80% вакцинация жасалса, бұл аурудың кез келген өршуінен толық құтылуға болар еді, бірақ, өкінішке орай, бұл әлі мүмкін емес".


Оқи отырыңыз: ДСМ: Қызылшаға шалдыққан балалардың 80 пайызы екпе алмаған


Ал заңгер Илья Князев балаларды балабақшаға қабылдаудан бас тартудың жаңа негіздерімен келіседі. Оның айтуынша, балабақшаға екпесі жоқ балаларды қабылдауға болады, бірақ екпе алмаған балалардың саны жалпы балалар санының 10 пайызынан аспауы тиіс. 

Егер мектепке дейінгі мекеменің басшылығы тарапынан балалар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен мүдделері бұзылса, азаматтар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес бұл әрекеттерге шағымдануға құқылы. Ал егер қандай да бір заң нормасы олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп есептесе, олар ҚР Конституциялық сотына жүгіне алады.