"Бақытты отбасы" ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты
Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса алады.Отбасы банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл бюджеттен 51 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Сондай-ақ, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкіндігі берілетін үміткерлер қатары да артты.
Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, "жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар" сондай-ақ "I және II топтағы мүгедектер" санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар қатыса алады. Алайда, жаңа қосылған санаттар бойынша "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.
"Тағы бір жағымды жаңалық – "Бақытты отбасы" бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап бар болатын. Мысалы, көпбалалы отбасы отағасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайтын, яғни олардың баспана мәселесі шешілмейтін" делінген банктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Тұрғын үй субсидиясын қалай алуға болады?
- 2024-2025 жылдары Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы болуы мүмкін