Азия ойындары: Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында қола медаль еншіледі.
Отандастарымыз Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді.
Қытайлық спортшылар алтын және күміс медалды өзара бөлісті.
Сонымен қатар бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Филиппинге қарсы 5:4 есебімен Азия ойындарында жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы 10-шы жүлдесі.