
Үздік үштіктің түйінін Жапония акробаттары қойды.
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында 2-орын алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Құрама сапындағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова 235.39 балл жинап, екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы (305.64 балл) иеленді. Үздік үштікті Жапония (191.28) акробаттары түйіндеді.