Ауғанстан халқының 85 пайызы – кедейлер
Қазіргі таңда Ауғанстан өзге елдерден келетін гуманитарлық көмекке зәру.Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасында жарияланған.
"Талибан" қозғалысы билікті қолына алғаннан кейін Ауғанстан экономикасы бірден құлдырады.
"Халқы шамамен 40 миллион және ЖІӨ 2021 жылы 14,3 миллиард долларды құрайтын Ауғанстан әлемдегі жан басына шаққандағы табысы ең төмен елдердің қатарында. Халқының шамамен 85 пайызы кедейлік шегінде өмір сүреді", – делінген БҰҰ баяндамасында.
Оқи отырыңыз: "Нан мен пияз жеп отырмыз". Ауғанстандағы қазақтар өздерін елден алып кетуді өтінді
Баяндама авторларының мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айынан бастап Ауғанстанның ішкі жалпы өнімі төмендеп, өзге елдерден ғана гуманитарлық көмек алып отыр.
"Халықаралық көмектің қысқаруы Ауғанстанның экономикасын нашарлатып, ең кедей елге айналуына алып келді: БҰҰ-ның 2023 жылы ауғандықтарға 4,6 миллиард доллар халықаралық көмек көрсетуге шақыруы ең аз мөлшердегі қаражат саналады" – деп жазылған баяндамада.