"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы еліміздің екі өңіріндегі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ұлытау облысында:

20 қарашада сағат 13:00-де "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін);

Қызылорда облысында:

20 қарашада сағат 13:00-де Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 20 қараша сағат 20:00-де ашу жоспарланған.