Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.

​"Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды. Өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.


Оқи отырыңыз: Атыраулық компания экологияға зиян келтіргені үшін 923 млн теңге айыппұл арқалады