Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.
"Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.
Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды. Өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.
Оқи отырыңыз: Атыраулық компания экологияға зиян келтіргені үшін 923 млн теңге айыппұл арқалады