Астана қалалық соты тамыз айында заңсыз әрекеттерге шақырды және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сотталған кәсіпкер Марат Әбиевтің апелляциялық шағымын қарады. Бұл туралы қалалық соттың сайтында жазылды.

"Астана қалалық соты қызметі азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттер жасауға ынталандырумен ұштасатын қоғамдық бірлестікті құру және оған басшылық жасау (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат тарату (ҚК 274-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) фактілері бойынша кінәлі деп танылған "Архитекторы будущего" заңсыз қорын құрушыға қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 21 тамыздағы үкіміне апелляциялық шағымдарды қарады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында қызды алып қашқан екі жігіт 7 жылға сотталды.


Аталған үкіммен келіспеген сотталушы мен оның қорғаушылары оның кінәсін даулап, апелляциялық шағым түсірді.

"Сот алқасы шағымдардың уәждерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық іс материалдарын зерделеп, бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісіп, үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер анықталған жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.