CTS мәліметінше, Avtobys.kz жаңа төлем жүйесіне көшу аясында төлем бірден түсетін болды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Бұған дейін көлік картасының теңгерімін қашықтан толтырғанда төлем 24 сағат аралығында өңделетін еді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайсыздық тудыратын. Avtobys.kz жаңа төлем жүйесіне көшу аясында төлем бірден түсетін болды.

"Теңгерімді толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алған соң төлемді белсендіру қажет. Төлемді кез келген қоғамдық көлік бағдарында белсендіруге болады. Ол үшін көлік картасын автобустағы планшетке 2-3 секунд тигізіп, ұстап тұру керек", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Жүргізушілерге аптасына 91 сағат жұмыс істеткен автобус парктерінің басшылары жазаланды


Айта кетсек, төлемді белсендіру кезінде жол ақысын төлеу қатар жүргізіледі. Төлемдерді белсендіру кезінде осы ақпаратты ескерген жөн.