Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі автобус бағдары қосылады
Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласында автобус бағдарының саны артады.31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады: №49 және №57. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.
№ 49 бағдар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен Бас мешіттің арасында жүреді. Бұл "Көктал-1" – "Көктал-2" және "Көктал" паркі мен "Жағалау" арасында көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.
№ 57 бағдар "Нұрлы жол" теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде жолаушылар тасымалдауға, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ, Р.Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрастырылған су жаңа автобустар бір жылға жетпей бұзылып жатыр.