Астана халықаралық әуежайындағы ұшып-қону жолағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүреді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Астана халықаралық әуежайындағы ұшып-қону жолағына жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді", – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынады


Жоспар бойынша, ұшып-қону жолағының жекелеген учаскелерінде асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ететін жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.

Өткен жылдарға жүргізілген талдау нәтижесі бойынша, қазіргі мерзім – жөндеу жұмысын жүргізетін ең қолайлы кезең. Осы мерзімде жауын-шашын аз жауады әрі асфальт-бетон зауыттары тоқтаусыз істеп тұрады. 


Оқи отырыңыз: Берік Асылов: Әуежайлар маңында ұшақтың қонуына қауіпті 100 мыңнан астам нысан бар


Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан жөндеу жұмысына түсіністікпен қарап, билет сатып аларда осы мерзімді ескеруді сұрайды.