Астана әкімі сайлауда өз таңдауын жасады
Ол бас қаладағы Оқушылар үйінде орналасқан №59 сайлау учаскесінде дауыс берді.Астана қаласының басшысы Жеңіс Қасымбек қаладағы Оқушылар үйінде орналасқан №59 сайлау учаскесінде дауыс беріп, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады.
"Астанада сайлаудың өту белсенділігі жоғары. Кандидат өте көп. 17 бір мандатты округ бойынша мәслихатқа 150-ден астам кандидат бар болса, мәжіліске екі округ бойынша 70 кандидат үмітт. Бұл сайлаудың шын мәнінде бәсекелі күрес жағдайында өтіп жатқанын көрсетеді", – деді қала басшысы.
Еске салайық, дәл осы сайлау учаскесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та дауыс берді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live
Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.