Тікелей эфир

Астана әкімі сайлауда өз таңдауын жасады

Ол бас қаладағы Оқушылар үйінде орналасқан №59 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Астана қаласының басшысы Жеңіс Қасымбек қаладағы Оқушылар үйінде орналасқан №59 сайлау учаскесінде дауыс беріп, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек

 

"Астанада сайлаудың өту белсенділігі жоғары. Кандидат өте көп. 17 бір мандатты округ бойынша мәслихатқа 150-ден астам кандидат бар болса, мәжіліске екі округ бойынша 70 кандидат үмітт. Бұл сайлаудың шын мәнінде бәсекелі күрес жағдайында өтіп жатқанын көрсетеді", – деді қала басшысы.

Еске салайық, дәл осы сайлау учаскесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та дауыс берді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


 

Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.

Серіктестер жаңалықтары