Елорда соты Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның үш сыбайласына қатысты апелляциялық шағымды қарады. Судья Мұрат Еркінбекұлы бұрынғы Мәдениет министрінің үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Айым Сәдуақасоваға қатысты үкім өзгертілді: оған бұлтартпау шарасын (жеті жыл бас бостандығынан айыру) бес жылға кейінге қалдыру тағайындалды.

"Сотталған Мұхамедиұлы, Көшенов, адвокаттар Әнуарбек, Есіпбаева, Амренова, Темірболатова және қорғаушы Ысқақованың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды", – деді судья.

Ол сотталушылардың кінәсі толық дәлелденгенін, ақтау немесе істі қайта саралау үшін негіз жоқ екенін атап өтті.


Оқи отырыңыз: "Кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін". Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты.


Бұрынғы Мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың мамыр айынан бері қамауда отыр. Оған қызметін асыра пайдаланды және "Алтын адамның әлем музейлері арқылы шеруі" халықаралық көрмесіне, "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен мұражай коллекцияларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық фильмдер жинағын цифрландыру" жобаларына бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп айыпталды.

Арыстанбек Мұхамедұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.


Оқи отырыңыз: 8 жыл: Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімі шықты.


Бұл іс бойынша басқа айыпталушылардың (Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасова) әрқайсысы жеті жылдан бас бостандығынан айырылды.