Тікелей эфир

"Кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін". Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты

Ол өзіне тағылған айыптармен келіспеді. 

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзіне тағылған айыптармен келіспеді. 

"Мен елдің заңын бұзған жоқпын, кінәмді толық мойындамаймын. Бұл менің 17 сәуірдегі сөзім еді. Құрметті сот, осыдан тура екі ай бұрын басталған сот процесі менің сөздерімнің шынайылығына мені ғана емес, бүкіл халқымызды сендірді. Менің шындығымның дәлелі – айыптау қорытындысының жаңа редакциясы, онда прокурор қаржы жымқыру, сөз байласу және ел заңдарын бұзуға қатысты бірде-бір дерек келтірмеген. Барлық шақырылған куәгер ұрлық фактілерінің, тіпті айыпталушы тарапынан заңсыз әрекеттердің болмағанын нанымды түрде қайталады", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Ұлттық музей директорының экс-орынбасары Алмаз Нұразхан қамалды


Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы кез келген жазаға келісетінін айтты.

"Құрметті сот, мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін, бірақ ұрлыққа емес. Намыс – ең қымбат нәрсе. 60 жасыма дейін қызығы да, қиындығы да мол, бірақ лайықты өмір сүрдім", – деді ол.

Іс бойынша келесі сот отырысы 19 маусымға белгіленді. 

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болған кезінде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. 

Серіктестер жаңалықтары