Ғасыр жасаған Рысалды Бейсенбаева немерелерімен бірге келіп, референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№23 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін 100 жастағы ауыл тұрғыны бастап кірді.

"Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен ертемен келіп, Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азамат, жастар бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Халқымыз аман болсын! Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!" – деді кейуана.


Оқи отырыңыз: Оралдық қариялар бата-тілектерін жаудыруда


Сайлау учаскесінің төрағасы Нұрғазы Түлекбаев елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін қазыналы әжеге естелік сыйлық табыс етті.