Ақылы жолдардан бір жылда 8 млрд теңге пайда түсті
Өткен жылдың 23 қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады.2021 жылы елдегі ақылы автокөлік жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Нұр-Сұлтан – Щучинск", "Алматы – Қапшағай" және "Алматы – Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.
Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23 қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған – Қапшағай", "Көкшетау – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Павлодар" автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңгені түсті.
Оқи отырыңыз:
- ҚазАвтоЖол төрағасы: Республикадағы ақылы жолдар саны 2 800-ге дейін артады
- Индустрия министрі: Әлі жөнделмеген жолдар үшін ақы талап етілмейді
Еске салсақ, Қазақстанда жол апатының күзгі мезгілде жиі болатыны туралы хабарлаған едік.