Америкалық Apple корпорациясы iOS мобильді операциялық жүйесінің 16-нұсқасын алдын ала таныстырды. Операциялық жүйеге болгар және қазақ тілдері қосылған.

"iOS 16 iPhone мүмкіндіктерін жаңа функциялары мен ыңғайлы сөйлесу, хат алмасу тәсілдерінің арқасында iPhone мүмкіндіктерін арттырады", – делінген корпорация таратқан хабарламада.

Атап айтқанда, қолданушылар хабарламаларды жібергеннен кейінгі 15 минут ішінде түзеп не қайтара алады. Ал жойылған хабарламаларды 30 күн ішінде қайта қалпына келтіруге болады.

"Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне ҚАЗАҚ ТІЛІ қосылды, автотүзету функциясымен. 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақ тілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз", – деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.


Оқи отырыңыз: