Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет беретін жарлыққа қол қойды. 

Агенттіктің тағы мынадай функциялары болады:

  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;
  • президент әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық қаупіне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басқаша түрде жәрдем берген адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту; 
  • сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту.

Жарлық 20 шілдеден бастап күшіне енді.