Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет беретін жарлыққа қол қойды.
Агенттіктің тағы мынадай функциялары болады:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;
- президент әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық қаупіне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басқаша түрде жәрдем берген адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
- сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту.
Жарлық 20 шілдеден бастап күшіне енді.