Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.

"Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Толық ақпарат кейінірек хабарланады", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер бөлімінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мекемені Сәкен Шәкеев басқарады.

Ол бұл қызметке 2023 жылдың наурыз айында тағайындалды. Бұған дейін сол бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарған.


Оқи отырыңыз: Атырауда көк туды аяқасты еткендер жазаға тартылады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.