Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сайлауда дауыс берді
Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 миллион азаматтың құқығы бар.Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.
"Халықтың белсенділігі жоғары. Үгіт-насихат жұмыстары аясында өңірлердің бәрін аралап келдік. Халықтың саяси өмірге араласуға соншалықты белсенді, өз тағыдырын өздері шешуге деген құлшынысын байқадық. Сайлаудың әділ өтетініне сенімдімін. Бүгін қаншалықты ашық екенін көріп отырмыз", – деді Ерлан Қошанов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live
Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.