Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.
"Халықтың белсенділігі жоғары. Үгіт-насихат жұмыстары аясында өңірлердің бәрін аралап келдік. Халықтың саяси өмірге араласуға соншалықты белсенді, өз тағыдырын өздері шешуге деген құлшынысын байқадық. Сайлаудың әділ өтетініне сенімдімін. Бүгін қаншалықты ашық екенін көріп отырмыз", – деді Ерлан Қошанов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live
Сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.