Amanat партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне ұсынды
Астанада AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі басталды. Съезде сөйлеген партия төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан президенттігіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.
"Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын", – деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.
Бұл ұсынысты қолдаған Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова да съезде сөз алды.
"Мемлекет тізгінін ішкі, сыртқы саясатта мол тәжірибесі бар, еліміздің өткенін, бүгінін, халықтың жағдайын терең білетін тәжірибелі тұлға ұстағаны абзал. Ол – біздің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Ұстаз, ана, әже ретінде өздеріңізге ақылымды қосып, бағыт-бағдар беру – парызым", – деді Аягүл Миразова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді