Алтын бағасы өзінің тарихи рекордын жаңартты
Желтоқсан фьючерстері 2107 долларға дейін қымбаттады.Comex Нью-Йорк тауар биржасында алтынның бағасы бір троя унциясы үшін 2100 доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жетті.
Астанас уақыты бойынша 5.34-тегі жағдай бойынша желтоқсан айындағы фьючерстердің бағасы бір бір троя унциясы үшін 2107 долларға дейін көтерілді. Алайда кейіннен асыл металдың бағасы 2095 долларға дейін төмендеді.
Қараша айының соңында алтын бағасы өсімін жылдамдатып, металл 2050 доллардан сатылып, жеті айдың ең жоғары деңгейіне жетті.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, алтын қазан айының басынан бері шамамен 16%-ға қымбаттады және бұл өсім бастапқыда Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы қақтығыстың тұтануына байланысты болды.
Оқи отырыңыз: "Ломбардтар алтын-күмісті Швейцарияға өткізіп жатыр". Үкімет басшысының депутаттарға жауабы