Алматының әрбір тұрғыны жыл сайын 487 дана темекіге тең лас ауа жұтады. Almaty Air Initiative зерттеушілерінің айтуынша, бұл әр адам жылына 24 қорап шылым шеккенмен бірдей, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, қаладағы кәсіпорындар атмосфераға 44 мың тонна лас зат шығарған. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 6 пайызға артық. Мамандар ауаның ластануы тыныс алу жолдары мен жүрек-тамыр ауруларына әкелуі мүмкін дейді.

"Мысалы, былтыр әр тұрғын тәулігіне 1 темекіге тең ауа жұтса, биыл бұл 1 жарымға өскен. Біз бұндай зерттеулерді жүргізу үшін кларити ластаушы заттардың мониторинг желісі мен ғылыми зерттеулердің 2023 жылғы деректерін пайдаландық. Нәтижелерімізді министрлікке, сондай-ақ қаладағы Экология департаментіне бердік", – деді Almaty Air Initiative жобасының менеджері Равкат Мухтаров. 


Оқи отырыңыз: Қорабы – 400 теңге: Қазақстанға арзан темекі қайдан және қалай келеді?


Ал тұрғындардың басым бөлігі қаладағы ауа сапасының нашар екендігін айтады.