Тікелей эфир

Алматының әр тұрғыны жылда 487 дана темекіге тең лас ауа жұтады – зерттеу

Мамандар ауаның ластануы тыныс алу жолдары мен жүрек-тамыр ауруларына әкелуі мүмкін дейді.

Алматының әрбір тұрғыны жыл сайын 487 дана темекіге тең лас ауа жұтады. Almaty Air Initiative зерттеушілерінің айтуынша, бұл әр адам жылына 24 қорап шылым шеккенмен бірдей, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, қаладағы кәсіпорындар атмосфераға 44 мың тонна лас зат шығарған. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 6 пайызға артық. Мамандар ауаның ластануы тыныс алу жолдары мен жүрек-тамыр ауруларына әкелуі мүмкін дейді.

"Мысалы, былтыр әр тұрғын тәулігіне 1 темекіге тең ауа жұтса, биыл бұл 1 жарымға өскен. Біз бұндай зерттеулерді жүргізу үшін кларити ластаушы заттардың мониторинг желісі мен ғылыми зерттеулердің 2023 жылғы деректерін пайдаландық. Нәтижелерімізді министрлікке, сондай-ақ қаладағы Экология департаментіне бердік", – деді Almaty Air Initiative жобасының менеджері Равкат Мухтаров. 


Оқи отырыңыз: Қорабы – 400 теңге: Қазақстанға арзан темекі қайдан және қалай келеді?


Ал тұрғындардың басым бөлігі қаладағы ауа сапасының нашар екендігін айтады. 

Серіктестер жаңалықтары