Алматыдағы жер сілкінісі. Қуаты – 5 балл
Бүгін Алматыда қуатты жер сілкінісі болды.Алматыда сағат 11.22-де 5,4 балл жер сілкінді. Жер сілкінісі Қазақстан, Қытай және Қырғызстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
- MPV магнитудасы 6.1.
- Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
- Тереңдігі 10 км.
- Алматыда сезілуі – 5 балл.
Оқи отырыңыз: Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі болды
Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балл болып сезілсе, Талдықорғанда (Жетісу облысы) зілзала қуаты 2 балл болды.