Тікелей эфир

Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Қазақстан, Қытай және Қырғызстан аумағында болды.

Алматыда сағат 11.22-де 5,4 балл жер сілкінді. Жер сілкінісі Қазақстан, Қытай және Қырғызстан аумағында болды.

Алматы қалалық төтенше жағдай департаменті 4 наурызда сағат 11:22-де Алматы қаласында жер сілкінісі орын алғанын хабарлады.

"ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделуде. Эпицентр пен сезгіштігі туралы мәлімет нақтылануда. Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы жер сілкінісі. Қуаты – 5 балл


Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
  • MPV магнитудасы 6.1.
  • Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
  • Тереңдігі 10 км.
  • Алматыда – 5 балл. 
Серіктестер жаңалықтары