«"Мамыр-1 – Әлмерек" шағын ауданына қатынайтын маршрутқа жоспарлы түрде 22 бірлік автобус шығады. Алайда қоғамдық көліктер көбінесе техникалық себептерге байланысты желіден шығып, қозғалыс жиілігі алшақтап кетеді. Осыған орай, Қалалық мобилділік басқармасы автобус санын 25 бірлікке дейін арттырып, жылжымалы құрамды жаңарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Осының арқасында жүйелілік қамтамасыз етіліп, жоспарланған жиілік 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады.

"Golden Dragon маркалы газбен жүретін он екі метрлік жаңа төмен еденді автобустар заманауи құрылғылармен, соның ішінде кондиционермен, бейнебақылау жүйесімен және т.б. жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы 113 адам, оның 28-і отыратын орын", – деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте, ескі автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.


Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды


Айта кету керек, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 22 жаңа бағыт және 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 10 қала маңына қатынайтын бағыт ұйымдастырылды. Әрі 364 бірлік автобус есебінен 24 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды.