Алматы қаласының білім басқармасы 2020 жылы үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептердің рейтингін жасады. Білім беру мекемелері үздік және екпінді оқушылардың саны бойынша бағаланып, оқушылардың олимпиадаларға қатысуы да ескерілді. Рейтингпен bilimalmaty.kz сайтында танысуға болады.

Рейтингте Әуезов ауданы көш бастаса, екінші, үшінші орындарды Алмалы және Түрксіб аудандары (90,31% және 87,26%) иеленген. Ал төртінші орындағы Наурызбай ауданының мектептері қаланың 5 үздік білім беру мекемелерінің қатарына енді. 

Наурызбай ауданы мектептердің қалалық рейтингінде төртінші орынды иеленді. Қазіргі кезде ауданның 9 мектебінде 16 мыңға жуық бала оқиды. Әрбір үшінші бала үздіктер қатарында, оқушылардың 40%-дан астамы – оқу екпінділері, мұнымен қатар, 2020 жылғы олимпиадаға 340 оқушы қатысты.


Оқи отырыңыз: 1 сыныпқа арналған оқу құралынан қатігездікке үндейтін сөз табылған


Жыл сайын қазақ мектептері оқу үрдісіне жаңашылдық енгізе отырып, көшбасшы орны үшін жарысуда. 2021 оқу жылында ҚР премьер-министр Асқар Мамин BINOM School, яғни қазақстандық білім беру үдерісіне озық әдістерді енгізудің жаңа брендін ұсынған болатын. Мұндай форматтағы мектептер әзірге елордада ғана ашылып жатыр. 

Еске салсақ, қазақстандық ғалымдар инсульттан кейін оңалтуға арналған құрылғылар ойлап тапты. Сондай-ақ, ҚазҰУ ғалымдары физика заңдарын зерттеу үшін мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен құрды.