Үш мың биіктікте денсаулық жағдайы нашарлап кеткен турист Шымбұлақ шыңынан түсірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген.

"Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.
Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Тірі қалу мүмкін емес": Алматылықтардан тауға бармауды сұрайды


Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті. Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.