Тікелей эфир

Алматыда үш мың метр биіктікте ауырып қалған туристі құтқарушылар таудан түсірді

Бір қыз үш досымен Шымбұлақтың шыңына шығып келе жатқан.

Үш мың биіктікте денсаулық жағдайы нашарлап кеткен турист Шымбұлақ шыңынан түсірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген.

"Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.
Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Тірі қалу мүмкін емес": Алматылықтардан тауға бармауды сұрайды


Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті. Туристерді РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары