Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы бір жылда 48% өсті
Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсім Қызылорда қаласында тіркелді.Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында 27,9 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсім – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласында (48,3%).
Loading...
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шығысы 220 мың теңгені құрады