Тікелей эфир

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шығысы 220 мың теңгені құрады

Көрсеткіш бір жылда бірден 17% өскен.

Қазақстандықтардың шығысы бір жылда бірден 16,7 пайызға, халықтың жан басына шаққанда рекордтық 219,7 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде халықтың шығысы жан басына шаққанда 188,2 мың теңгені құраған еді, көрсеткіш бір жылда 6,7% өскен. 

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы – бір тоқсанда жан басына шаққанда 319,6 мың тг, 19,7% көп;
  • Қарағанды облысы – 275,3 мың теңге, 15% өскен;
  • астана – 266,2 мың теңге, 14,9% өскен. 

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар кедейлене түсті: табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 20 пайызға көбейген


Ең төменгі көрсеткіш Шымкентте байқалады: барлығы 158,2 мың тг, жылына 6,7 пайызға артқан. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 28 пайызға аз.

Шығыстардың ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды – жылына бірден 30,1%, 245,9 мың теңгеге дейін.

Халықтың барлық шығынының 91,9 пайызын тұтыну шығыстары құрады: 201,8 мың тг, өткен жылға қарағанда 16 пайызға артық. Оның ішінде азық-түлік тауарларына шығындар 109,9 мың тг, азық-түлік емес тауарларына – 53,2 мың тг, ал ақылы қызметтерге — 38,8 мың теңгені құрады.


Оқи отырыңыз: Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85 пайызы көпбалалы отбасында тұрады


Туыстарына материалдық көмек пен алименттерге шығындар 4,1 мың тг, қарыздарды өтеуге — 13,4 мың тг, салықтар, төлемдер және басқа да төлемақы — 437 теңгені құрады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары