26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау басталады. Ал ата-аналар порталдағы үйірмелер мен секцияларға қатысу үшін балаларын 2 мамыр сағат 18:00-ден бастап тіркей алады, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.

Платформаның қолдау қызметімен Telegram арқылы хабарласуға болады:


Оқи отырыңыз: "Болашақпен" тіл курсын оқып, қалай шетелде білім алуға болады?


Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері арқылы сұрақтарға жауап алуға болады:

  • Спорт басқармасы: 292-41-67;
  • Мәдениет басқармасы: 272-03-17;
  • Алатау ауданы әкімінің аппараты: 299-86-49;
  • Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 272-56-98;
  • Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 303-25-58;
  • Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 275-50-68;
  • Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 384-27-60;
  • Медеу ауданы әкімінің аппараты: 291-64-94;
  • Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 307-45-53;
  • Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 223-11-15;
  • DamuBala платформасын әзірлеуші: +7 (775) 007-59-20.