Алматыда өрт сөндіруші бейнеленген жаңа мурал салынды
Мурал салынған тұрғын үй Айнабұлақ ықшамауданында орналасқан.Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне құтқарушылардың құрметіне мурал салынды, деп хабарлады Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі.
Муралда кішкентай қызды жалыннан алып шыққан өрт сөндіруші бейнеленген. Департаменттің хабарлауынша, муралдағы бейне төтенше жағдайларды жоюға да, олардың алдын алуға қатысатын барлық құтқарушылардың ұжымдық бейнесі.
"Муралды алыстан көруге болады, онда тек өрт сөндірушінің бейнесі ғана емес сонымен қатар ТЖ болған жағдайда хабарласу қажет – "112" номері бейнеленген. Муралдың мақсаты – тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақыру", – деді Жетісу ТЖБ бастығы Арман Мәкенов.
Тақырыптық мурал халық арасында өрт-профилактикалық жұмыс аясында Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен және аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп салынған.
Еске салайық, биыл қыркүйекте Алматыдағы Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысындағы үйдің қабырғасында батыр кейпіндегі өрт сөндіруші бейнеленген мурал салынған болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда батыр кейпіндегі өрт сөндіруші бейнеленген мурал салынды