2024 жылғы 24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады.бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған.


Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы басталды