Заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау шарасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
Шара заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
"Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар туралы ақпарат білсеңіз, "102" пультіне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда ұрланған 1347 қарудың мыңнан астамы әлі табылмаған
Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 747 333 91 60; +7 777 346 44 77.
Еске салсақ, Алматыда ұрланған 1 347 қарудың мыңнан астамының әлі табылмағаны туралы хабарлаған едік. Террористер бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алған.