Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, Қазақстанның бес өңірінде автогаз бағасы өседі.

Ата айтқанда:

  • Алматы қаласында – 65-тен 75 теңгеге;
  • Алматы облысында – 70-75-тен 75-80 теңгеге;
  • Абай облысында – 60-65-тен 65-70 теңгеге;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 60-65-тен 70-75 теңгеге;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 70-75-тен 75-80 теңгеге.

Құжат жобасында Қазақстандық отын қауымдастығы республиканың бірқатар облысында автогаз бағасын 5-10 теңгеге арттыруда сұрағаны жазылған.

Еске салайық, кеше энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин бағасы көтерілетінін хабарлады.


Оқи отырыңыз: АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеге дейін өседі


Министр бензин мен дизельдің қымбаттау себебін түсіндірді: