Сондай-ақ, Алматы, ШҚО, СҚО, Абай облыстарында да автогаз бағасын 5-10 теңгеге көтеру жоспарланған.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, Қазақстанның бес өңірінде автогаз бағасы өседі.
Ата айтқанда:
- Алматы қаласында – 65-тен 75 теңгеге;
- Алматы облысында – 70-75-тен 75-80 теңгеге;
- Абай облысында – 60-65-тен 65-70 теңгеге;
- Шығыс Қазақстан облысында – 60-65-тен 70-75 теңгеге;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 70-75-тен 75-80 теңгеге.
Құжат жобасында Қазақстандық отын қауымдастығы республиканың бірқатар облысында автогаз бағасын 5-10 теңгеге арттыруда сұрағаны жазылған.
Еске салайық, кеше энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин бағасы көтерілетінін хабарлады.
Оқи отырыңыз: АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеге дейін өседі
Министр бензин мен дизельдің қымбаттау себебін түсіндірді: