Алматы облысының ауылында газ жарылып, бір адам қайтыс болды
Құтқарушылар үй иесінің мәйітін үйінді арасынан тапқан.Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында жеке тұрғын үйде газ жарылып, үй толықтай қирап қалған. Үйінді астынан құтқарушылар үй иесінің мәйітін алып шықты, деп хабарлады ӨР ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Оқиға 18 қыркүйек күні кешкі уақытта болған.
"Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылында газ жарылысынан жер үй құлап, ішінде болған үй иесі көз жұмды. РЖҚЖ құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құрылғылардың көмегімен үйінді астынан ер адамның денесін шығарды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Куәгерлердің айтуынша, газ жарылысының қуатынан көршілес ғимараттардың терезелері де қираған.
Оқи отырыңыз: Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты