Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында жеке тұрғын үйде газ жарылып, үй толықтай қирап қалған. Үйінді астынан құтқарушылар үй иесінің мәйітін алып шықты, деп хабарлады ӨР ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға 18 қыркүйек күні кешкі уақытта болған.
"Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылында газ жарылысынан жер үй құлап, ішінде болған үй иесі көз жұмды. РЖҚЖ құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құрылғылардың көмегімен үйінді астынан ер адамның денесін шығарды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Куәгерлердің айтуынша, газ жарылысының қуатынан көршілес ғимараттардың терезелері де қираған.
Оқи отырыңыз: Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты