Биыл ІІ тоқсанда 29,3 мың жұп ресми некеге тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,1% немесе 1,7 мыңға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

"Дегенмен бұл – соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ал некеге тіркелудің ең төменгі деңгейі пандемия кезінде болды. (2020 жылдың екінші тоқсанында 16,6 мың жұп тіркелген). Жалпы 2014 жылдан бері некеге тұру көрсеткіші 20,4 пайызға немесе 7,5 мыңға төмендеген", – делінген хабарламада. 

Көптеген аймақта некеге тұру санының өсуі байқалады. Жылдық өсім бойынша көшбасшылар – Алматы (+0,6 мың бірлік, 3,4 мың бірлікке дейін) және Қарағанды ​​облыстары (+0,4 мың бірлік, 2,3 мың бірлікке дейін). 


Оқи отырыңыз: Әлемде саны 55 миллионнан асады: Қазақстан саяхатшы IT мамандарға Digital Nomad визасын бермек


5 облыстың, оның ішінде оңтүстіктің тұрғындары отбасын құруға асықпайтын болған. Оның ішінде Алматы қаласының көрсеткіші – 0,3 мың бірлік, 3,2 мың бірлікке дейін.