Қазақстан цифрлық көшпенділерге виза бере бастаса – олар осында салық төлеп, ақша жұмсайды. Визаны беру рәсімі туралы толығырақ finprom.kz жазды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдік IT-мамандарға цифрлық көшпенділер визасын беру туралы заңнамаға өзгерістер енгізу шарасын бастап кетті. Осы мақсатта Шетелдіктер мен ҚР азаматтығы жоқ адамдарды шақыруды рәсімдеу ережесіне тағы бір санат – "Қажетті кәсіп иелері" санаты қосылады. ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Парламент Мәжілісі депутаттарының сауалына берген жауабында осы мәселе туралы айтты
"Бастамашылық түзету жұмыстарын жобаны талқылау жөніндегі жұмыс тобы мақұлдады, мүдделі мемлекеттік органдар келісті, сондай-ақ ҚР Үкіметінің оң қорытындысы бар. Тиісті санаттағы визаны алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұруға ықтиярхат беру Қазақстанның халықаралық еңбек нарығымен интеграциясын қамтамасыз етеді, Қазақстаннан көшіп кеткен тұлғалардың, соның ішінде ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT, спорт, мәдениет және басқа да салалардағы білікті мамандардың қайтып келуін ынталандырады", – деді Серік Жұманғарин.
Оқи отырыңыз: АҚШ-қа жол: "Грин картаны" қалай ұтып алуға болады?
Мұндай виза қазірдің өзінде Грузия, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты әлемнің 35 елінде бар. Былтыр Қырғызстанда цифрлық көшпенділердің ерекше мәртебесі жедел түрде заңдастырылды. Енді Қырғыз Республикасына көшіп келген, бірақ басқа елдердің IT саласында жұмыс істейтін шетелдіктерге жұмыс істеуге арнайы рұқсат қажет емес.
Цифрлық көшпенділерге арналған Nomad List ақпараттық порталының беттерінде осы сала мамандарына ең тартымды елдер туралы ақпарат жарияланады. Тізімде тек 29 ел. Алдыңғы бестікке АҚШ, Ұлыбритания, Тайланд, Германия және Испания кіреді. Қазақстан бұл рейтингте жоқ. Сайттың мәліметінше, әлемде саяхаттап жүрген 55,4 миллионнан астам IT мамандары бар. Олардың жартысынан көбі Америка азаматтары. Көшпенді IT мамандары саны бойынша үшінші орында Ресей азаматтары. Әлемнің барлық елдері бойынша Ресейден 3 миллионға жуық IT маманы бар.
Оқи отырыңыз: Еуропаның 27 еліне саяхат: Шенген визасын қалай алуға болады?