Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті
Апаттан кейін екі кенші іздестіріліп жатыр.Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан" шахтасындағы апатта қаза тапқан азаматтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
Еске салайық, "Қазақстан" шахтасында өрт шыққан кезде жер астында 227 кенші болды.