Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылып отырғанын баяндады. Жоба өткен жылғы қыркүйектен бастап қаралып жатыр. Биыл оған тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. 

Министрдің айтуынша, келесі өзгерістердің маңызы зор:

  • Бірінші – қосылған құн салығы 16% болады.
  • Екінші – қосылған құн салығының шегі. Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді.
  • Үшінші – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

"Төртінші – әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады", – деп түсіндірді Серік Жұманғарин. 


Оқи отырыңыз: Енді ұшағыңыз уақытында ұшпай қалса, жолаушыға өтемақы төленеді